Медициналық қызметтерді тұтынушының (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) мәртебесін тексеру сервисі енді Home Credit Bank мобильді қосымшасына енгізілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін анықтау және соңғы 12 айдағы төлемдерді көру мүмкіндігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Енді бұл қызмет Home.kz мобильді қосымшасында да қолжетімді. Алдымен қосымшаны жүктеп, тіркелу керек. Ары қарай «Мен үшін» бөлімінен «Мемлекеттік қызметтерге» өтіп, «МӘМС» бөлімінде ЖСН теру керек. Қажет болса, соңғы 12 айдағы төлемдерді көруге болады.
«МӘМС жүйесінің негізгі қағидаларының бірі – аударымдар мен жарналардың міндеттілігі. Ай сайынғы төлемдер арқылы азаматтар сақтандыру пакеті аясында медициналық көмек ала алады. Қор азаматтардың өз құқықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттандыру арналарының қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жүргізуде», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
«Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисін Home.kz мобильді қосымшасына біріктіре алғанымызға қуаныштымыз. Бұл – азаматтардың өздеріне маңызды ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдету және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы маңызды қадам», – деді Home Credit Bank стратегия, серіктестік және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Станислав Тян.
Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені Қордың ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, және келесі мобильді қосымшалар арқылы тексеруге болады:
• Qoldau 24/7
• Damumed
• Halyk
• BCC.KZ
• Kaspi.kz
• Freedom SuperApp
• Bereke bank
Сондай-ақ, egov.kz сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударылған төлемдер туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі қолжетімді.

28.02.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026